Білім беру ұйымының сипаттамасы
Біздің мектебіміз алғаш рет 1934 жылы бастауыш мектеп болып ашылған. 1934-1965 жылдар арасында Тұрсынбаев Уайда, Абдраймов Кәрім, Оспанов Тоқтар ағайлар мектеп меңгерушілері болған.
Ал 1966 жылы мектебіміз №21 «Қызыл ту» сегіз жылдық мектепке айналды. Сол кезде Усенбаев Рахым ағамыз мектеп директоры қызметін атқарды. 1969 жылы Бақтыбаев Ергешбай директор болды. Ол кісі 1969-1971 жылдар аралығында жұмыс істеді. 1971-1988 жылдар аралығында мектеп директоры болып Смайлов Ерназар ағай келді. Ол кісінің сауаттылығы мен іскерлігінің арқасында мектеп жақсы жетістіктерге жетті. 1975-1988 жылдар аралығында мектеп директоры болып Алтыбаев Жандарбек ағамыз істеді. 1988-2005 жылдар аралығында Мырзалина Низатілла апайымыз мектеп директоры болып жұмыс істеді. 1989 жылы мектебіміз №78 «Қызыл ту» жалпы орта мектепке айналды. 2005-2011 жылдар аралығында мектеп директоры Уразбаев Лесбек ағайымыздың тынбай ізденуінің арқасында, жаңа мектеп басталынып, 2011 жылы қыркүйек айында пайдалануға берілді. 2011-2012 жылдар аралығында мектеп директоры болып Қасымбекова Камила апайымыз жұмыс істеді. 2013-2014 жылдар аралығында мектеп директоры болып Тиллабаев Марат істеді. 2019 жылы Утелбаев Ибраги ағайымыз директор болып жұмыс жасаған кезде мектебіміз №78 «Қызыл ту» жалпы орта мектептен №26 «Келес» жалпы орта білім беретін мектебі болып Келес ауданы әкімінің қаулысымен өзгертілді. Қазіргі таңда №26 «Келес» жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып есептеледі.
Қазіргі уақытты мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Керимбердиева Камила апайымыз жұмыс жасап келеді. Мектебіміздегі оқушылар саны- 564, мұғалімдер саны-63, педагог-модератор-27, педагог-сарапшы-22, педагог-зерттеуші-7, санаты жоқ-7
Соңғы кездегі мектебіміздің жетістіктері:
1.Облыстық биология кабинеті байқауына қатысып, биология пәнінің мұғалімі Худайбергенов Баймұса ағайымыз І орын иеленді.
2.Аудандық өзін-өзі тану пәнінің кабинеті байқауына қатысып, мектебіміздің мұғалімі Диникул Айнагул апйымыз ІІ жүлделі орынды алды.
3.Биология пәнінің мұғалімі Исатайұлы Көпжан ағайымыздың ұйымдастыруымен ауданда өткен «Жас эколог» байқауына қатысып, І орын иеленді.
4.Мектебіміз ауданда өткен спорттық жарыстарға қатысып ІІ орын иеленді.
5.Көп жылдық еңбегі ескеріліп, биология пәнінің мұғалімі Худайбергенов Баймұса ағайымыз облыстық білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды.
6.Матиматика пәнінің мұғалімі Бектурсынова Айнұр мен бастауыш сынып мұғалімі Алтыбаева Мерверт Республикалық «Жас дарын» марапатына оқушыларымен ие болды.
7.Ақпан пед. Оқуына қатысқан бастауыш сынып мұғалімі Аблаева Айсұлу апайымызбен математика пәнінің мұғалімі Раманкулова Гүлиза апайымыз, аудандық оқу бөлімінің грамотасымен марапатталды.
8.2023 жыл қазақ тілі мен әдебиеті М.Мақатаев оқуына қатысып, облыстық байқауда ІІІ орын алды.
9.2021 жылы облыстық тамыз оқуында үздік баяндама оқып, Керимбердиева Камила мадақтама қағаззымен марапатталды.
10.2021-2023 жылдар аралығында мектебіміздің 20 оқушысы Елбасы медалін алды.
11.Керимбердиева Камила апайымыз Республикалық Ыбрай оқуларынан ІІІ дәрежелі диплом алды.
Алдағы уақытта бұдан да, үлкен жетістіктерге жету үшін, аянбай еңбек ету жоспарымызда бар.
Мектеп директорының
міндетін уақытша атқарушы: К.Керимбердиева